Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрлігі "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге көлеміндегі несиені ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражаты сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға жұмсалған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметінде де анықталған.
- Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік қолдауды баю құралына айналдырып отыр, олар алған несиені пайыз түрінде кіріс алу үшін банктерге депозит етіп салады. Мұндай деректер Түркістан облысында (2 млрд теңгеге), Абай облысында (152 млн теңгеге) анықталды, - деді министр.