Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қару өткізген адамдар 345 мың теңгеге дейін ала алады. Әзірге бұл Ақтөбе облысында ғана өтетін акция. Өзге өңірлерде мұндай науқан бола ма, жоқ па - әзірге белгісіз. Бұл туралы massaget.kz мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Басылым мәліметінше, 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап мемлекет заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып ала бастайды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіндегілер хабарлаған.
"Қару-жарақ пен оқ дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады", - дейді полицейлер.
Ерікті түрде тапсырғандарға мемлекет қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейді (1 АЕК - 3450 теңге). Оның ішінде:
Атыс автоматты мылтық қаруының әрбір бірлігі үшін 100 АЕК (345 000 теңге) дейін;
Ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК (172 500 теңге) дейін;
Атыс мылтығы қысқа ұңғылы қарудың әрбір бірлігі үшін 40 АЕК (138 000 теңге) дейін;
Тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК (103 500 теңге) дейін;
Травматикалық қарудың әрбір бірлігі үшін 10 АЕК (34 500 теңге) дейін;
Әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы үшін 7 АЕК (24 150 теңге) дейін;
Әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін 6 АЕК (20 700 теңге) дейін;
5.6 мм-ден астам калибрлі мылтық патроны үшін 1/35 АЕК дейін
5.6 мм калибрлі мылтық патроны үшін 1/115 АЕК дейін.
Фото: Abai.kz