Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
​Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
Жаңалықтар

​Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

05.08.2023
1 мин
2
2079

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Толық тізімді осы сілтемеден қараңыз.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, ҚР Жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Атап өтсек, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Педагогикалық, инженерлік, IT  мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдары бойынша Атырау облысына – 1500, Маңғыстау облысына – 1500, Ұлытау облысына – 300, Жетісу облысына – 300, Абай облысына – 500, Шымкент қаласына – 400, Түркістан облысына – 500 грант берілді.

Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс «Стоматология» БББТ бойынша болды. Бұл мамандық бойынша 22 талапкер бір орынға таласты. Ары қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (14 адам), Құқық (11 адам), «Музыка мұғалімдерін даярлау», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» және «Психология» (10 адамнан) болды.

Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 20 мыңға жуық талапкер, олардың ішінде  «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Сондай-ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Н
Нұргүл 06.08.2023
Грант бола алмадык артық қалып жатқандардан алып грант болуға болама
Жауап беру
М
Манбаева Ақдидарсултаным 05.08.2023
Грант
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл