Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қапшағайдың есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, мемлекеттік қызметкер тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге арналған қаражатты ұрлады деп айыпталып отыр. Бұл жылумен қамту, сумен қамту, ғимараттың жай-күйіне жұмсалатын шығындар. Салдарынан мемлекетке 43 миллион теңге шығын келді.
"Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, ірі мөлшерде айыппұл немесе түзеу жұмыстары, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.