Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет 1, 2, 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Daıletten.kz.
"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, мамырдың алғашқы күндерінде Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі.
Алдағы күндері республика бойынша найзағайлы жаңбыр жауады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. 2 мамырда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы да ықтимал.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде үсік сақталады. Сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанып отыр.