Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Милан-Кортина – 2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Спорт

Милан-Кортина – 2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды

02.03.2026
мин
0
56

Италияның Милан - Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарының басталуына небәрі 4 күн қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нурлан Алимов.

Құрама сапындағы ең жас спортшы – пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі – пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев. Оның жасы 51-де. Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі – Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиада ойындарының пара биатлоннан қола жүлдегері.

Сонымен қатар 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан Әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022–2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024–2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биылғы ойындар ерекше маңызға ие – Қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Алғашқы Қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл