Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді мектеп директорларының еңбекақысы жүктемеге қарай беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Dauletten.kz.
"Елімізде мектеп басшыларының жалақысына қатысты мәселе көп айтылып жатыр. Қазіргі еңбекақы деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпай отыр. Жалпы жақсы педагогтар оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болуға ұмтылмайды. Біз одан хабардармыз. Сондықтан бұл мәселе өзгеріс енгізуді қажет етеді", - деді министр.
Оның айтуынша, директорлардың жалақысы ұстаздардың еңбекақысынан төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі.
"Сол себепті мектеп директорларының жалақысын төлеудің жаңа жүйесі қаралып жатыр. Бұл 40 оқушы білім алатын мектеп директоры мен бақылауында 1200-2000 оқушы бар мектеп басшыларына бірдей жалақы төлеуге қатысты. Яғни жүктеменің әртүрлі екенін байқауға болады", - деді Асхат Аймағамбетов.