Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі карантин уақытында болған шаралар 2021 жылы да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өткен жылы IV тоқсанда 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам азаматқа атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесі автоматты түрде тағайындалды. Бұл тәжірибе 2021 жылдың 1 тоқсанында барлық атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолданылды", - делінген ресми хабарламада.
Министрлік өкілдері аталмыш шаралар барысында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуды көздейді.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, өткен жылы Қазақстан бойынша 184,7 мың отбасындағы 936,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Осы мақсатта бюджеттен 75,3 миллиард теңге бөлінді. Заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-нен төмен азаматтарға тағайындалады.
"Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы санаттағы 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алды", - дейді министрлік мамандары.
Тағы көру