Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министрлік азаматтарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленгенін айтты
Жаңалықтар

Министрлік азаматтарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленгенін айтты

19.01.2021
1 мин
3
1331

Өткен жылы қазақстандықтарға мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Dauletten.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар 166 мың адамды құрады.

"2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы, оның ішінде мүгедектігі бойынша 291 миллиард теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 75 миллиард теңге төленді", - делінген хабарламада.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Мысалы, өткен жылы 1 сәуірден бастап жалпы аурудан болған I топтағы мүгедектерге 62 723 теңге, II топқа – 49 983 теңге, III топқа – 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 45 736 теңге төленді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санын, қайтыс болу себебін және ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып есептеледі.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап асырауындағы бір адам үшін жәрдемақы 28 095 теңгені, ал екі адам үшін 48 676 теңгені құрады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Ж
Жулдыз 20.01.2021
Жалгыз басты аналарга кандай комек карастырылган айтып жибересиздерма жалгыз басты ана едим у кезегинен баска
Жауап беру
А
Алибек 19.01.2021
Мен мугедекпин 3группа жумыс истим баспана алайын десем пенсионы жетпиди неге укимет комектеспиди баспана алуга мен тегин алайындеп откан жокпын ипотекамен алмакшымын уйкимет Уй алып Берме куана куана ай сайын уакытылы толеп отырушем Ен биринши керек баспана осыган комек берсениздер?
Жауап беру
С
САН 19.01.2021
Асыраушысынан айырылган санат ретынде, ешкандай комек алмадык 57 млрдтын 1 тиынын! Оз калталарына кеткены анык, желкелерынен шыксын министрлыктын!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл