| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жасанды интеллекттің дамуы жұмыс орындарының қысқаруына емес, жаңа мамандықтардың қалыптасуына жол ашады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің мәлімдеуінше, алдағы жылдары технологиялардың қарқынды дамуы кейбір салаларды автоматтандыруы мүмкін. Алайда бұл қызметкерлер жұмыссыз қалады дегенді білдірмейді. Керісінше, жаңа технологиялар бағдарламалау, инженерия және дизайн секілді бағыттарға сұраныс арта түспек.
Қазір азаматтарды қайта даярлау, цифрлық сауаттылық пен жаңа дағдыларды дамыту бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект адамның орнын баспайды, қайта оның жұмысын жеңілдетіп, тиімділігін арттырады.
Мамандардың пайымынша, бұл үрдіс еңбек нарығын жаңаша форматқа бейімдеп, қазақстандықтарға болашақтың мамандықтарын игеру мүмкіндігін береді.