Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
MNU профессоры БҰҰ-ның халықаралық сайд-иветінде баяндама оқыды
Жаңалықтар

MNU профессоры БҰҰ-ның халықаралық сайд-иветінде баяндама оқыды

18.10.2024
1 мин
0
102

2024 жылдың 14 қазанында Нью-Йоркте Maqsut Narikbayev University Associate  профессоры Муслим Хасенов БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында ұйымдастырылған сайд-ивентте баяндама оқыды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шара әйелдер мен балаларды қорғау үшін әлеуметтік қызметтердің кадрлық әлеуетін күшейту және әлеуметтік жұмыстың Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі маңызды рөліне арналған.

Өз баяндамасында Муслим Хасенов Қазақстанда кәсіби қызметті дамытуға бағытталған заңнамалық бастамалардың Ұлттық комиссияның басты назарында екенін атап өтті. Ол әлеуметтік жұмыс туралы заңның қабылдануы әлеуметтік қызметтердің инфрақұрылымын нығайтып, қызмет көрсету сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін ерекше айқындады. 

Баяндамада көтерілген негізгі мәселелер қатарында әлеуметтік қызметкерлер арасындағы жалақыдағы гендерлік теңсіздік, әйелдердің саяси және экономикалық өмірге жеткілікті қатыспауы, сондай-ақ осал топтармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігі қарастырылды. Сонымен қатар, Муслим Хасенов әйел көшбасшыларын әлеуметтік салада қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті, өйткені олардың рөлі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мен ілгерілетуде маңызды үлес қосады.

Өз сөзінің қорытындысында Муслим Хасенов БҰҰ-ға әлеуметтік жұмыс туралы Модельдік заңды әзірлеуді және қабылдауды ұсынды. Мұндай заңәлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан нығайту кезінде мемлекеттер үшін бағдар бола алады, олардың құқықтық жағдайын, еңбек жағдайларын және кәсіби қолдауды жақсартуға нақты ұсыныстар береді.

Халықаралық сарапшылар, оның ішінде Вашингтон университетінің (Сент-Луис, АҚШ) профессоры Майкл Шерраден, өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның Ұлттық балалар қорын жүзеге асырудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл бағдарлама балаларға арналған шартсыз төлемдер(CDA) тұжырымдамасына негізделген және елдегі отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығы мен қаржылық қолдауын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.

Бұл сайд-ивент БҰҰ, халықаралық ұйымдар және академиялық қауымдастық өкілдерінің басын қосып, олар Қазақстанмен әйелдер мен балалардың әлеуметтік қорғалуын нығайту бағытында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл