Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылған
Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы бұзылған

04.08.2022
1 мин
2
1344

Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілді. 

«Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды.

Алматы қаласының прокуратурасы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді.

Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз етті», - делінген хабарламада.

Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелері негізінде осы салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударды. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабаламада. 

Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Алия 05.08.2022
Азық түлік қынбадап барады ақша кетедіменде тамақа дәріге екеуде қол жеткізбей барады жардем аламын
Жауап беру
Ф
Фариза 04.08.2022
Қызылорда да сондай Әйтеке би ауданындада солай
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл