Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүгедектігі бар адамның отбасы мүшесіне еңбекақы төленеді
Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамның отбасы мүшесіне еңбекақы төленеді

30.06.2023
1 мин
6
2434
halyq-uni.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып өтті. Бұл туралы inbusiness.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Спикердің сөзінше, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің трансфомациялауға қатысты өзгеріс енгізілді. Мұндағы негізгі мақсат - мүгедектігі бар азаматтардың көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қолжетімділігін арттыру.

"Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін  тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.

Тағы да өзгерістердің бірі - арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастыру. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін  – шектеулі бағалар түрінде  жіктелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге   жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфраструктурасын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады вице-министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру жоспарлануда. Олар: мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін  әлеуметтік қызмет порталы арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау; өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынан алып тастау және оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу туралы шешім қабылдай алатын болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
М
Мариям 01.07.2023
Саламатсызба мен 1топ мугедек бала карап уйде жумыс жасамаймын быздерге толенема
Жауап беру
Б
Ботаев Улжалгас 01.07.2023
Менің күйеуім 2-группа мүгедек
Жауап беру
Ж
Жаухар 01.07.2023
Менің екі қызым екінші топ мүгедек мен соларға қарап жұмыс істей алмай отырмын маған не көмек бар екен
Жауап беру
Ж
Жұлдвз 30.06.2023
Сәлеметсізбе мүгедек баланы қарап отырғандарға да көмек беріле ме? Рахмет жауап берсеңіз????
Жауап беру
М
Мадина 30.06.2023
Мен озим екинши топтагы адаммын кандай комектериниз бар
Жауап беру
А
Алтынай 30.06.2023
Мен 2 группадамын отбасыға төленеді ма
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл