458.45
531.39
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүлік салығы қате есептелсе не істеу керек: маңызды түсіндірме
Жаңалықтар

Мүлік салығы қате есептелсе не істеу керек: маңызды түсіндірме

01.09.2026
мин
0
124
Сурет: dknews.kz

Жыл сайын қазақстандықтарға тұрғын үйі, саяжайы, гаражы немесе автотұрағы үшін мүлік салығы есептеледі. Алайда есептелген сома күмәнді көрінсе немесе жеңілдікке қарамастан салық шықса, оны қайта тексертіп, түзетуге болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандықтардың бір бөлігі мүлік салығының сомасын дайын күйінде қабылдап, оның қалай есептелгеніне мән бере бермейді. Алайда есептеуде қате кетуі, сатылған мүліктің жүйеде әлі тіркеліп тұруы немесе жеңілдік туралы мәліметтің ескерілмеуі мүмкін.

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың мүлік салығына қатысты маңызды мәселелерді түсіндірді.

Салықты азаматтың өзі емес, мемлекет есептейді

Тұрғын үйге, пәтерге, саяжайға, гаражға немесе автотұраққа салынатын салықты мемлекеттік кірістер органдары мүліктің орналасқан жері бойынша есептейді.

Мұнда негізгі көрсеткіштердің бірі – жылжымайтын мүліктің бағалау құны. Яғни мүліктің құны жоғарылаған сайын оған қолданылатын салық мөлшерлемесі де артады.

Салық есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін есептеліп, 1 қазанға дейін төленуі тиіс.

1 қазаннан кейін қарыз көбейе береді

Белгіленген мерзімде төленбеген салық үшін әр кешіктірілген күнге өсімпұл есептеледі.

Егер берешек өтелмесе, борышкерге 30 жұмыс күні ішінде орындауы қажет хабарлама жіберіледі. Ал қарыз мөлшері 1 АЕК-тен асса, іс сот орындаушыларына дейін жетуі мүмкін.

Мұндай жағдайда банк шоттарына немесе мүлікке арест қойылу қаупі бар. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңге болғандықтан, бұл шектен асатын берешекті де елемеуге болмайды.

Кей азаматтар мүлік салығын төлеуден босатылған

Заңнамада азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер қарастырылған.

Олардың қатарында «Батыр ана» және «Алтын алқа» иегерлері, жалғыз тұратын зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысы мен майдан ардагерлері, тыл еңбеккерлері және мүгедектігі бар адамдар бар.

Ал кәмелетке толмаған жетім балалар мүлік салығын төлеуден босатылады. Көпқабатты үйдің астындағы жер үлесіне қатысты да пәтер иелеріне салық салынбайды.

Салық сомасы күмәнді болса, төлемей қоя салуға болмайды

Мысалы, азамат үйін сатып жібергенімен, бұрынғы мүлігіне әлі де салық есептелуі мүмкін. Сондай-ақ тиісті жеңілдігі бар адамға салық толық көлемде шығарылуы ықтимал.

Мұндай жағдайда мәселені елемей қою қарыздың жиналуына әкелуі мүмкін. Оның орнына мүлік орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер органына растайтын құжаттармен жүгінген жөн.

Деректердің уақытында жаңартылмауы немесе мүлікке иелік еткен кезеңді есептеудегі сәйкессіздік анықталса, салық сомасын қайта қарауға болады.

Ал есептелген салықты e-Salyq Azamat қосымшасы немесе банк сервистері арқылы төлеуге мүмкіндік бар.

Сондықтан салық хабарламасындағы соманы жай ғана төлеу жеткіліксіз. Мүлік сатылған болса, жеңілдік бар болса немесе есептелген сома күмән тудырса, алдымен деректердің дұрыстығын тексерген жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл