Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мұнайдың әлемдік бағасы тағы да төмендеді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63 долларға дейін түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен сағат 08:23-тегі жағдай бойынша барреліне 3,65 пайызға төмендеп, 63,09 долларға жетті.
WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің құны 3,91 пайызға төмендеп, барреліне 59,91 долларға дейін жетті.
Айта кетейік, қара алтын құны Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға жоғары тариф енгізгеннен кейін төмендей бастады.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады.
Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады.
Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген.