Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл ақпаратты Қазақстан Бас прокуратурасы растады. Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев өз еркімен құқық қорғау органдарына келіп, ұсталған. Ол кінәсін мойындап, заңсыз иемделген активтерді қайтару туралы процессуалдық келісімге қол қойған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соттың қаулысына сәйкес, Боранбаев келісімнің барлық шарттарын орындап, келтірілген шығынды толық өтегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Бұған дейін AlanParking ЖШС-нің басшысы болған Мұхтар Базарбаев аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Ал Мұрат Боранбаев бұл компанияны 2017 жылы басқарған.
AlanParking ЖШС – Алматы қаласындағы A-parking ақылы автотұрақтарының операторы ретінде белгілі. 2022 жылдың қарашасында Қаржы мониторингі агенттігі AlanParking пен “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС басшыларына қатысты 436 миллион теңгені жымқыру ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Сол кезде агенттік Мұрат Боранбаевты бұл іске басты ұйымдастырушы ретінде атап, халықаралық іздеу жарияланғанын еске салған.
ҚМА Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп, AlanParking ЖШС-нің 100%-ын және “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС-нің 70%-ын қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізді.
2023 жылдың наурыз айында Мұхтар Базарбаев сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, ақшалай қаражатты заңсыз пайдаланғаны үшін алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды.