Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі таңда елімізде 271 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Өткен жылы олар 166 801 экскурсия ұйымдастырды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 41 мыңға көп. Ал көрме саны – 8393. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда 1484 көрмеге артық, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша музейге келушілер саны 6 млн адамнан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 миллионға жуық көп. Бұл ретте келушілердің 35%-ы немесе 2,175 млн - балалар.
Негізгі музей қорларындағы экспонаттарының саны - 2,6 млн асады, оның ішінде 350 мыңы — аса құнды жәдігерлер. Миллионнан астам экспонат электронды форматта ұсынылған. Сондай-ақ, ҚР Музей қорының мемлекеттік каталогы жұмыс істейді, оған қазіргі уақытта 114 мемлекеттік музейден 130 мыңнан астам экспонат қосылды. Ұлттық мәдени мұра нысандарының қатарына 61 музей қорынан 5000-ға жуық жәдігер кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық музейлер күні атап өтіледі. Атаулы күнге орай дүниежүзінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның ішінде мысалы, Қазақстанның музейлері белсенді қатысатын «Музейлер түні» акциясы. Акция 1977 жылдан бері ICOM Халықаралық музейлер кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді.
фото: ratel.kz