Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Reuters ақпарат агенттігінің жазуынша, НАТО дүйсенбі күні ядролық жаттығу өткізуді бастайды. Оны «Тұрақты талтүс» деп атапты.
Ядролық жаттығулар Бельгия аумағында, Солтүстік теңізде және Ұлыбритания жерінде өтпек. Жаттығу кезінде 60-қа дейін ұшақ әуеге көтеріледі. Мұның ішінде бомбалаушы ұшақтар да бар.
Жоспар бойынша, базасы Еуропада орналасқан орталық жаттығу барысында шартты түрде ядролық бомбаларды қолданады. НАТО «бұл – оқу-жаттығуға пайдаланатын шартты бомбалар» деп сендіріп отыр.
«Оқу-жаттығулар 30 қазанға дейін созылады. Бұл – қайталанып тұратын тәжірибе және мұның әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысы жоқ», – деп мәлімдеді НАТО.
Мәскеу жыл сайын «Найзағай» деп аталатын ядролық оқу-жаттығулар өткізеді. «Тұрақты талтүстің» уақыты «Найзағаймен» қатар келуі бекер емес сияқты. «Найзағай» қазанның аяғында өтетіні бұған дейін белгілі болған.