Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Қазақмыс” корпорациясы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алынды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілерде корпорацияның Назарбаев үшін 84 миллион долларға Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джетін сатып алғаны туралы мәлімет тараған еді.
- БАҚ пен әлеуметтік желілерде “Қазақмыс” корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президенті үшін ұшақ сатып алды деген ақпараттың таралуына байланысты, бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз, – делінген хабарламада.
Компания өз мәлімдемесінде жеке тұлғалар үшін ұшақ сатып алмағанын атап өтті.
- Барлық әуе кемелері тек компанияның өндірістік қажеттіліктеріне байланысты сатып алынады. Бұл туралы айтылып жүрген кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды адастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын таралатын ақпараттың шынайылығын тексеруге және расталмаған мәліметтерді жариялаудан аулақ болуға шақырамыз, – деп түйіндеді “Қазақмыс”.