Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Назарбаевтарға тиесілі ғимарат 1,5 миллиард теңгеге аукционға шығарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда Назарбаевтар отбасының бұрынғы ғимараты аукционға қойылады. Бұл ғимарат бұрын Болат Назарбаев пен оның ұлы Нұрбол Назарбаевтың компаниялары – "BN InvestCapital" ЖШС мен "Үш Қоңыр Инвест Корпорациясы" ЖШС кеңселері ретінде пайдаланылған.
Қазіргі таңда ғимарат "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС-ға тиесілі.
Ғимарат Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Байтұрсынов көшесі 104А мекенжайында орналасқан. Сыртында саябақ, көгілдір шыршалар мен 20 көлікке арналған тұрақ бар.
Қызғылт сары түске боялған ғимараттың бастапқы бағасы 1 миллиард 549 миллион 542 мың 736 теңгені құрайды.