Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Неге қазақ наурыздың әр күніне атау қойып, мағынасына мән берген?
Жаңалықтар

Неге қазақ наурыздың әр күніне атау қойып, мағынасына мән берген?

15.03.2023
1 мин
0
1316

Жыл бастауын қаңтар емес, наурыз деп атауының астарында терең философия жатқанын қазақ ертеден білген. Қыстың қаһарынан аман шығып, күн жылынып, бәйшешек атқанда бір-бірін бауырына басып, амал тойлаған.

Сол себепті қазақ халқы 9 күн бойы 14-22 аралығында Наурыз мерекесін атап өткен.

14-наурыз – Қауышу күні. Бұл күн – батыс өңірлерде әлі күнге дейін сақталған көрісу амалы. Ал Шығыста «амал көже» деген ұғыммен тойланады. Бұл күні ағайын-тума, көрші-жұрт бір-бірінің үйіне барып, аман-саулық сұрасқан.

15-наурыз – Тағзым күні. Ата-баба, қайтқан туыстың рухына құран бағыштап, жеті шелпек пісірген.

16-наурыз – Алас күні. Жағымсыз энергиядан арылу мақсатында адыраспан жағып, өз-өзін, маңайын аластап, тазару ғұрпын жасаған.

17-наурыз – Шаттық күні. Ауыл адамдары жиналып, ойын-сауық құрған.

18-наурыз – Өніс күні. Бұл күні ата-бабаларымыз жарлы, жетім мен жесірлерге қайырымдылық жасап, жаңа-жылға дейін игі істер жасаған.

19-наурыз – Береке күні. Табиғаттың жаңаруы ғана емес, өсіп-өнудің күні болғандықтан төлдеу мен гүлдеудің өзіне атау берген. Ұлыс күні туған төлге «Наурызтөл», гүлді «Наурызшешек» деп атаған.

20-наурыз – Жайнау күні. Бұл күні қазақ халқы жаңа киімдерін киіп, үй ішін жаңартып, тазалап қоятын болған.

21-наурыз – Үйлесім күні. Күн мен түн теңеліп, бір-бірімен гармонияға (үйлесімділікке) келген күн деп санаған.

22-наурыз – Ұлыс күні. Жаңа жылы, ұлы мереке болып, дүркіретіп тойланған төре мейрам болып саналады.

Фото: dknews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл