Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтанда жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын тағы екі өндіріс ашылады. Бұл туралы елорда әкімдігінде хабарлады.
Құрылыс индустриясында аталмыш жобалар биыл «Астана – жаңа қала» аумағында іске қосылады. Ақпаратқа сүйенсек, инвестицияның жалпы көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды.
Биыл 1,3 млрд теңгеге лак-бояу өнімдері өндірісін ашу жоспарланған. Нәтижесінде, 40 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі кезде жоба 70%-ке дайын. Айта кетейік, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
"Ғимаратты салу бойынша басты құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, технологиялық жабдықтар алынды", - деп атап өтті мемлекеттік құрылымда.
Екінші жобаға тоқтаталын болсақ, бүгінде жобаның дайындығы 80%-ті құрайды. Арнайы экономикалық аймақта құрылыс материалдарын, атап айтқанда, газоблоктарды өндіретін зауыт салынуда. Жоба құны 1 млрд теңгені құрайды.
"Қазіргі уақытта екі жоба да желілерге қосылуда, техникалық жабдықты іске қосу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді мамандар.