Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді: Жаңа қаулы шықты
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді: Жаңа қаулы шықты

24.07.2021
1 мин
1
1422

Жаңа қаулы бойынша елордада демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын мекемелер де жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаулыдағы шектеу шаралары тіпті вакциналау бекеттері орналасқан ғимараттарды да қамтып отыр.

Құжатта сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмыс режимін ғимарат ішінде вакциналау бекеттерінің болғанына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері мүлдем тыйым салу арқылы белгілеу тапсырылған.

"Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына, оның ішінде "Ashyq" жобасына қатысатын объектілердің жұмысына қатаң тыйым салынады. "Ashyq" жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен және тамақты жеткізуге және шығару қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін рұқсат етіледі", - деп жазылған қаулыда.

Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын офлайн режимде өткізуге де тыйым салынады.

Ғимарат ішінде мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық ауада (жазғы залдарда), күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жүктелімі 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

“Ал сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым сала отырып, тамақты жеткізу және шығарудың штаттық режимі белгіленді. "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастырылсын. Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және басқа да бұқаралық іс-шараларды ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады", - делінген қаулыда. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Н
Нұргүл 25.07.2021
Ережеге баүыну керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл