Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұрали Әлиев “Транстелеком” директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
Жаңалықтар

Нұрали Әлиев “Транстелеком” директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

12.02.2025
1 мин
0
397
Сурет: newtimes.kz

Нұрали Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетіп, компания акционерлері қатарынан шыққанын жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлап, шешімнің компанияны сатуымен байланысты екенін атап өтті.

– Ол кезде біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұрды: ТТК-ны заманға сай, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту еді. Біздің команданың күш-жігері мен клиенттердің қолдауының арқасында біз бәріне қол жеткіздік. "Транстелеком" – 10 жыл ішінде Қазақстанды цифрландыру жөніндегі стратегияны дамытуға және іске асыруға елеулі үлес қосқан IT және инфокоммуникациялық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ұлттық ауқымдағы компания, - деп жазды Әлиев.

Forbes мәліметінше, компанияның 75% акциясы бұған дейін Unit Telecom арқылы Нұрали Әлиев пен Дмитрий Покупателевке тиесілі болған, ал қалған 25% акциясы "Қазақстан темір жолы" компаниясының меншігінде еді.

Нұрали Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның ұлы. Былтыр "Транстелеком" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл