| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты Үкімет жұмысының басым бағыттарын нақты айқындап бергенін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олжас Бектеновтің айтуынша, Президенттің сұхбаты алдағы мақсат-міндеттерді айқындап, барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін нақты бағдар берді. Үкімет бар күш-жігерін салып, тапсырмаларды табысты орындауға бағытталуы керек.
- Сөзден іске көшіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажет. Есеп беру мен презентация жасауға уақыт жоғалтпаңыздар — нәтиже болмаса, бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар, біз мәселені шешеміз, — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр орынбасарларына барлық тапсырмалардың орындалуын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.