Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Өңдеуші кәсіпорындарға 3%-дық жеңілдетілген несие беріледі
Жаңалықтар

Өңдеуші кәсіпорындарға 3%-дық жеңілдетілген несие беріледі

09.06.2020
1 мин
1
1083

Экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін өңдеуші кәсіпорындарға 3%-дық жеңілдетілген несие беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданған болатын.

"Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл – Өнеркәсіпті дамыту қорын құру. Өңдеуші кәсіпорындарға 3%-дық жеңілдетілген мөлшермен кредит беру көзделіп отыр", - деді Дәленов үкімет отырысында. 

Ұлттық банк бағдарламасы мен "Бизнестің жол картасы" аясында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілуде. Несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі.

Сонымен қатар "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды көздейтін жаңа "Микрокредиттеу" бағыты іске қосылады.

Министр бұл шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің салдарын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гулдана 10.06.2020
Жаксы болар еди баска кредитимизди жауып калган акшаны пайдамызга асыратын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл