Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов өнімді экспорттау мәселесінде егіншілерге қолдау көрсету маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бектенов Үкімет отырысында егіншілерге қолдау көрсету туралы сөз қозғады. Президенттің агросекторды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде АӨК процестерін цифрландыру және автоматтандыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріні саладағы есепке алу мен бақылаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті электрондық платформаларды іске қосуды жеделдету тапсырылды. Сонымен қатар отандық шаруалар өндірген өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін Ауыл шаруашылығы, Көлік, Сауда және интеграция министрліктері ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеуі, оның ішінде жаңа көлік-логистикалық бағыттарды пысықтауы қажет екені айтылды.