Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өңірлерде Бала құқығы жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатыр
Жаңалықтар

Өңірлерде Бала құқығы жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатыр

17.08.2022
1 мин
0
1686

Еліміздің өңірлерінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатыр. Енді әр аймақтың өз өкілі болады, олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Сондай-ақ олар балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын дамытуға, ілгерілетуге қатысады. 

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендердің мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қоғамдық негізде жұмыс істейтінін айта кетейік. 

«Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бұл лауазым барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада енгізіліп жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді іріктеудің негізгі критерийлері - үміткердің балалармен жұмыс істеу тәжірибесі, үкіметтік емес ұйымдардағы тәжірибесі немесе қоғамдық қызметі, сондай-ақ тағайындау кезінде балалардың құқықтарын қорғауда үміткердің қандай үлес қосқаны ескеріледі. Бұл балалардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибесі және өз ұстанымы бар ел құрметтейтін адамдар болуы тиіс», - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули. 

Қазірдің өзінде жеті облыста бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалып үлгерді. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен заңгерлер бар. 

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2527 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл