Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылы азаматтар арасында онлайн төлем жасау, оның ішінде QR-код қызметін пайдалану саны артты. Жаңа технологиялардың дамуымен қатар, дәл осы QR-код жүйесі арқылы ақша ұрлаудың түрлі айласын іске асырып жүрген алаяқтық белгілері байқалады. Бұл туралы "Позиция Права" заңгерлік компаниясының басқарушы серіктесі Егор Редин РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
«Алаяқтар QR-кодтарды ақпараттық стендтерге орналастырады. Десе де, олар тұтынушы төлем жасағысы келетін кодтарды өзгертеді. Нәтижесінде, төлеушінің қаражатын өздерінің шоттарына бағыттайды», - деді заңгер.
Ол алаяқтар екі тәсіл арқылы өздеріне пайда табатынын айтты. Біріншісі - QR-кодты өзгерту арқылы адамдарды шатастыру болса, екіншісі – телефон иесін ескертпей, вирустық бағдарламалар жүктеледі.
Сондай-ақ заңгер QR-кодты қолдану барысында шоттан қаражат жоғалған жағдайда банкке операцияны тоқтату жайлы өтініш білдіріп, полиция қызметіне жүгіну керек екенін айтты.
Тағы көру