Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Карантин уақытында сауданы онлайн жасап, төлем операцияларын қашықтықтан жүзеге асырудың өсімі байқалды. Осыған орай, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда онлайн саудада жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды.
Үкімет отырысында Ұлттық банк берген мамыр басындағы мәлімет бойынша, онлайн операциялар 2,5 есе артқаны айтылды. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша қолма-қол ақшасыз операциялар шамамен 7,5 триллион теңгеге жуықтаған.
Бақыт Сұлтанов Қазақстанның Салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін жеке және корпоративті табыс салығынан босату туралы нормаға өзгеріс енгізуді қолдауды сұрады. Оның ойынша, осы жағдайда жылдық кірістің кем дегенде 40 пайызы онлайн саудадан түсетін табысты құрауы керек.
«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, банкаралық аударымдар, эквайринг үшін комиссияны төмендету, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту мәселелерін пысықтау керек», - дейді министр.