Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде екі жыл көлемінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға тұрғын үй сатып алуға 12 млрд теңгеден аса қаржы бөлінбек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша 2021-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысына 12,2 млрд теңге бағытталмақ. Оның ішінде 2021 жылы – 4,2 млрд теңге, ал 2022 жылы - 8 млрд теңге жұмылдыру көзделген. Жиыны 1,7 мың дайын пәтерлер сатып алу жоспарланған. Биыл – 714, ал 2022 жылы – 1 мың.
Сондай-ақ, биыл қоныс аударушыларға төленетін төлемдерге 2,4 млрд теңге бөлінеді. Еңбек министрлігінің ақпаратына сүйенсек, отбасының әр мүшесіне берілетін біржолғы төлем 35 АЕК (2021 жылы 102,1 мың теңге) құрайды.