Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқу ақысын төлеуге қиналған ата-аналар уинверситет басшылығынан көмек сұрай алады
Жаңалықтар

Оқу ақысын төлеуге қиналған ата-аналар уинверситет басшылығынан көмек сұрай алады

23.08.2022
1 мин
6
3617

Жоғары оқу орындарындағы баға саясаты туралы түсініктеме берген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы ата-аналарды сабыр сақтауға шақырды.

«Ата-аналардан сабыр сақтауды сұраймын. Бүгінде оларда мүмкіндік бар. Егер ата-аналарға арнайы көмек керек болса, университеттің оқу ақысын төлей алмай, қаржылық жағынан қиындыққа тап болса, сол жоғары оқу орнының басшылығына өтініш жазып, тиісті көмек алуға мүмкіндігі бар», - деді департамент басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, елдегі жоғары оқу ақысының бағасына министрлік тарапынан мониторинг жасалатынын атап өтті.

«Біздің мониторингке сүйенсек, мемлекеттік нысандағы университеттердің, соның ішінде ұлттық универсиеттердің негізгі бөлігінде баға саясаты өзгерген жоқ. Жекелеген оқу орындары ғана бар. Мысалы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін алайық. Онда былтыр оқудың ақысы 1 млн теңге болды. Қазір көптеген мамандық бойынша, оқудың бағасы 1 млн теңге деңгейінде қалып отыр. Жекелеген бағыттар бойынша 1 млн 50 мың теңге, 1 млн 100 мың теңге аралығында, яғни бағаның дифферанцациясы болуы мүмкін.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде былтыр оқудың бағасы 1 млн 50 мың теңге болды. Қазіргі баға 1 млн 100 мың теңге деңгейінде болып отыр.

Жалпы Қазақстанда 120 жоғары оқу орны бар. Оның 103-і азаматтық бағыттағы университет, қалғандары арнайы жоғары оқуорындары. Бүгінде елімізде 600 мыңдай студент бар», - деді Ержан Әмірбекұлы.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
А
Айболат 25.08.2022
Жаксы
Жауап беру
М
Меруерт 23.08.2022
Көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға неге жеңілдік қарастырылмайды а?
Жауап беру
А
Айнур 23.08.2022
Кымбатшылык жайлады
Жауап беру
Е
Елдос 23.08.2022
Еш тусиниксиз)
Жауап беру
Н
Нагметкалиева Самал 23.08.2022
Саламатсызба мен Актобе обл Темір ауданында турамын төрт балам бар көп балалы отбасы жатамын соны үлкен кызым былтыр тусті енді екінші кызым тусып еді грантка ілікпи калды жолдасымның айлығы 150 мың менікі100мын калай окытармызды білми басымыз катып отыр калада журып туруы жататын жер бар дегенди сіздерден көмек сурауга тура келіп отырмын барына жазып жатырмын бір хабар болмай жатыр сіздерден осын карастырса
Жауап беру
А
Айгуль 23.08.2022
Бәрі қымбат
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл