474.08
558.28
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру: мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілуде
Жаңалықтар

Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру: мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілуде

16.04.2026
мин
0
231
Сурет: kazgazeta.kz

Қазақстан мектептерінде оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант сияқты дәстүрлі жазба жұмыстары қайта оқу процесіне енгізілмек, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанның білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер қолға алынуда. Соның ішінде оқушылардың жазу дағдыларын дамытуға бағытталған мазмұндама, шығарма және диктант секілді дәстүрлі тапсырмалар қайтадан оқу бағдарламасына енгізіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Жаңашылдық аясында пәндердің мазмұны да қайта қаралуда.

Атап айтқанда, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері» пәні оқытылады. 8–9 сыныптар үшін «Заң және тәртіп» курсы енгізілмек. Ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәні міндетті түрде оқытылатын болады.

Сонымен қатар, 8–9 сынып оқушылары «Қазақстан географиясын» аптасына екі сағаттан оқиды.

Министрлік бұл өзгерістер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, білім сапасын күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл