Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оралдағы дәмханада болған жарылыс: Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін
Жаңалықтар

Оралдағы дәмханада болған жарылыс: Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін

04.01.2024
1 мин
0
670
Фото: batys.kz

Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

4 қаңтарда сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабарлады.

Қазіргі мәлімет бойынша жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан, бес адам ауыр халде. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, облыс әкімдігі және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті өкілдері барған. Қазір ТЖД және облыс әкімдігінің қызметкерлері қираған үйінділерді тазартып жатыр.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл