Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков 2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар жалақысы қалай өзгеретінін айтты.
Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков мәлім етті.
"Жалақыны көтеру жоспары Үкіметпен алдын ала келісілген. Келесі жылы өсім 10-нан 70 пайызға дейін болуы керек. Бір жылдан бес жылға дейін жұмыс істейтін қызметкерлерге айына 180 мың. Одан кейін бес жылдан 10 жылға дейін жұмыс істегендер жалақысы өседі. Еңбек өтіліне байланысты өсім жоспарланып жатыр. 15 жыл және одан да көп жұмыс істегендер үшін жалақы 300 мың теңгеден жоғары болады", - деді Марат Көлдіков.