Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өсімдік майының экспорты екі есеге артады
Жаңалықтар

Өсімдік майының экспорты екі есеге артады

04.11.2022
1 мин
1
738

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 422,1 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,3 пайызға артық, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Energyprom порталына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 181 мың тонна, бір жылда 16 пайызға артқан.

Үздік үштікке Абай облысы (61,7 мың тонна) және Шымкент қаласы (41,6 мың тонна, 29,1 пайызға азайған) кірді.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысында жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 78,4 пайызбен салыстырғанда 81,2 пайызға қамтамасыз етті.

Осы кезеңде жергілікті өнім 369,8 мың тоннаға дейін 19,3 пайызға жылдық өсім көрсетті. Ал импорт, керісінше, 0,2 пайызға азайып, 85,4 мың тоннаны құрады.

Май экспорты бірден 1,9 есе өсіп, 201,4 мың тоннаға дейін артты. Қазақстанның ішкі нарығында өсімдік майының барлық түрін сату 253,8 мың тоннаны құрады.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,6 пайызға аз.

Ал күнбағыс майына жергілікті компаниялар сұранысты бір жыл бұрынғы 79,2 пайызбен салыстырғанда 82,7 пайызға қамтамасыз етті.

Қыркүйекте өсімдік майының бағасы бір жыл ішінде 16,6 пайызға өсті. Оның ішінде күнбағыс майы жылдық динамика бойынша 16,4, ал зәйтүн майы 22 пайызға қымбаттады.

Өсімдік майы бағасының ең жоғары өсімін Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді: бір жылда 23,9 пайыз.

Одан кейін Алматы облысы (23,8 пайызға өсті) мен Алматы қаласы (23,4%) тұр. Ең аз жылдық өсім елордада тіркелді: 7,1 пайыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Акмарал 04.11.2022
Неге кымбаттаган осымдык майы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл