465.19
536.55
5.61
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ОСК 12 өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
Жаңалықтар

ОСК 12 өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

12.08.2026
мин
0
67
Сурет: Ult.kz

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында еліміздің 12 өңіріндегі аумақтық және учаскелік комиссиялардың жұмысын тексерді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық шеңберінде ОСК мүшелері Қазақстанның 12 өңіріндегі сайлау комиссияларының жұмысымен танысқанын мәлімдеді.

ОСК-ның кезекті отырысында ол өткен аптадан бері комиссия төрағасы мен мүшелері өңірлерге жұмыс сапарымен барып жатқанын айтты.

Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, бүгінге дейін 12 өңірде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы, дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, инфрақұрылымдық жағдайы және ақпараттық қамтамасыз етілуі жан-жақты тексерілген.

Оның айтуынша, тексеру барысында нақты тапсырмалар беріліп, ендігі міндет оларды белгіленген мерзімде толық орындау екені атап өтілді.

ОСК төрағасы қалған өңірлердегі сайлау учаскелерінің дайындығын тексеру жұмыстары да жалғасатынын жеткізді.

Отырыста сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы алдын ала хабардар ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты барлық сайлау комиссияларына әрбір сайлаушыға жеке шақыру қағазын жеткізу жөнінде тапсырма берілген.

Нұрлан Әбдіров бұл жұмыс әрбір сайлау науқаны кезінде тұрақты түрде жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі екенін айтты.

Сонымен қатар жекелеген учаскелерде дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын белгілеу бойынша атқарылған жұмыстар қаралып, аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының есептері тыңдалды.

Айта кетейік, ОСК отырысында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысты үш мәселе қаралды. Олар:

  • сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы ақпараттандыру;
  • сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысты ұйымдастыру;
  • шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл