Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өскеменде ауызсу неге тоқтады: әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Өскеменде ауызсу неге тоқтады: әкімдік ресми мәлімдеме жасады

19.01.2026
мин
0
226
Сурет: Оскемен Водоканал

Өскемен қаласында су құбырында болған апат салдарынан екі мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды. Қалалық әкімдік біраз уақыттан кейін жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

18 қаңтар күні Өскемен қаласының бірқатар шағын аудандарында ауызсу беру уақытша тоқтатылды. Бұған су құбырындағы апат себеп болған. Салдарынан екі мыңнан астам тұрғын тұрмыстық қолайсыздыққа тап болды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі жағдайға байланысты Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақпарат жариялады. Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда апат орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Сумен жабдықтау жүйесін толық қалпына келтіру 19 қаңтар күні таңертең жоспарланып отыр, – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер апаттың салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл