Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие алуға 42 846 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша несие алуға 499,1 млрд теңге сомасына 42 846 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 224,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 242 өтінім мақұлданды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейк, «7-20-25» бағдарлама бойынша баспаналы болу үшін азаматтар төлем қабілетін растау керек. Сонымен қатар, бағдарламаға жеке баспанасы жоқ адамдар өтінім бере алады. Несие ұзақтығы 25 жылға дейін, бастапқы жарна - 20%, жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 7%.