Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен аптадағы кадрлық өзгерістер: жаңа тағайындаулар
Жаңалықтар

Өткен аптадағы кадрлық өзгерістер: жаңа тағайындаулар

13.10.2025
мин
0
284
Сурет: depositphotos.com

Өткен аптада бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік кірістер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы жетекші лауазымдарға жаңа тұлғалар тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көлік және инфрақұрылым саласы:

Нұржан Келбуғанов ҚР Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болды. Ол – теміржол саласының тәжірибелі маманы, еңбек жолын қарапайым кезекшіліктен бастап, түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Біржан Канешев «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті болып тағайындалды. Ол – халықаралық және мемлекеттік басқару салаларында мол тәжірибесі бар маман.

Облыс әкімдерінің жаңа орынбасарлары:

Ғани Майлыбаев – Алматы облысы әкімінің орынбасары. Бұған дейін Алматы қаласының мәдениет басқармасын басқарған.

Алтай Әлі – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Әр жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызметтер атқарған.

Мемлекеттік кірістер органдары:

Қанат Балтабеков – БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Аманжол Жақанов – СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Шыңғыс Әнуарбеков – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. Бұған дейін Астана қаласы бойынша департаментті басқарған.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жаңа басшылар:

Дәулет Рахымбеков – Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің бастығы.

Руслан Уразбаев – Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің бастығы. Құқық қорғау саласында 25 жылдан аса еңбек еткен.

Шаймерден Есенкелдиев – Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы. Бұған дейін Қызылорда облысында осы қызметті атқарған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл