491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,8 трлн теңгені құрады
Жаңалықтар

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,8 трлн теңгені құрады

05.03.2026
мин
0
104
Сурет: ОКҚ

Соңғы жылдары Қазақстанның аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,9%-ға өсіп, 9,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, өсім өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да байқалды. Таза салмақта 25,9 млн тонна астық, оның ішінде 19,3 млн тонна бидай жиналды. Майлы дақылдардан 4,8 млн тонна рекордтық өнім, сондай-ақ 1 млн тоннадан астам бұршақ дақылдары алынды.

- Ауыл шаруашылығы шикізаты өндірісінің өсуі аясында қайта өңдеу өнеркәсібі де дамуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. Өндірістің өсуі өнімнің көптеген түрлері бойынша байқалады. Ет консервілерінің өндірісі 43%-ға, жарма өнімдері 28,7%-ға, қайта өңделген және консервіленген жеміс-көкөністер 27%-ға, сары май 24,8%-ға, өсімдік майы 17,4%-ға, макарон өнімдері 12,5%-ға артты. Ұн өндірісі 3,6 млн тоннаға дейін өсті, ірімшік пен сүзбе өндірісі 13%-ға, қышқыл сүт өнімдері 8%-дан астамға көбейді, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл