Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астаналық азаматтың көлігін заңсыз айдап кеткен шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елорда тұрғыны жақында сатып алған құны 15 миллион теңгеден асатын көлігінің белгісіз біреудің айдап кеткені туралы полицияға хабарласты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Li Auto L7 көлігін айдап кету дерегеніне қатысы бар 25 жастағы шетелдік азаматты ұстады.
Бейнебақылау камерасының бейнежазбалары ер адамның паркингке кіріп, көліктің құлпын телефондағы қолданба арқылы ашып, көлікке отырып қашып кеткенін көрсетті. Полицейлер күдіктіні елден қашпақ болған кезде тасжолда ұстады.
Полицияның хабарлауынша, тергеу барысында оның бұрын көлігін өз елінде кепілге қалдырып кеткені және қарызын өтемегені үшін көліктің басқа адамдарға сатылып кеткені белгілі болды.