Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның жақтастары ел астанасының орталығына шабуыл жасап, полициямен қақтығыстар болып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды түрмеден босатуды талап еткен жақтастары Исламабад орталығына билік орнатқан баррикадаларды бұзып өтті. “BBC Русская служба” мәліметінше, полициямен қақтығыстар салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапқан.
Имран Ханның мыңдаған жақтастары 72 жастағы экс-премьерді түрмеден босатуды талап етіп, наразылық акциясына шықты. Ол бір жылдан астам уақыт бойы сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік құпияны жария ету айыбы бойынша қамауда отыр. Өткен демалыс күндері Имран Хан жақтастарына үндеу жасап, астана көшелеріне шығып, талаптары орындалғанша кетпеуге шақырды. Наразылық білдірушілер Исламабадтың орталық алаңына жиналуды көздеді, бірақ билік негізгі көшелер мен жолдарды баррикадалармен жауып тастаған. Елордаға бүкіл елден әскери және полиция күштері шоғырландырылды.
Демонстранттар мен полиция арасында қақтығыстар орын алып, тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданды.
Имран Хан 2018 жылдан 2022 жылға дейін Пәкістан премьер-министрі болған. Оны парламент депутаттары сенімсіздік вотумын жариялау арқылы қызметінен алып тастаған. Сол уақыттан бері бұрынғы премьер-министрге қатысты 50-ден астам қылмыстық іс, оның ішінде терроризмге қатысты іс қозғалған.