Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында содырлардың шабуылы салдарынан 18 адам қайтыс болып, тағы 30 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаруланған топ елді мекендердің біріне баса-көктеп кіріп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Шабуылдан кейін жанармай құю бекеттері өртеніп, тұрғын үйлер қираған. Шабуылды нақты кім ұйымдастырғаны белгісіз, әзірге ешбір топ жауапкершілікті мойнына алмады. Бұған дейін осы өңірде көлік колоннасына жасалған шабуылдан 38 адам қаза тапқан болатын.