Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының әкімшілік орталығы Кветтадағы теміржол вокзалында болған жарылыс салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, 46 адам жарақат алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Dawn News-қа сілтеме қалдырып.
Кветта қаласының аға полиция суперинтенданты Мұхаммед Балоч журналистерге жарылысты жанкешті жасауы мүмкін екенін, бірақ бұл туралы нақты айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді. Жарылыстың сипатын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Полиция қызметкерінің айтуынша, оқиға орнында шамамен 100 адам болған. Ауруханаларда төтенше жағдай режимі енгізіліп, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілуде. Жарылыс болған сәтте пойыз Пешаварға аттануға дайын тұрған.