Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Баспана бағасы бойынша көш басында – Алматы мен Нұр-Сұлтан. Жаңа баспаналардың құны жыл басынан бері 5 процентке өскен. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы бірден 11 процентке қымбаттапты. Мұны Finprom.kz хабарлады.
Ел бойынша Нұр-Сұлтан қаласында пәтер бағасы шарықтап тұр. Елордада салынып жатқан жаңа үйлердің бір шаршы метрінің бағасы 6 процентке қымбаттап, шаршы метрі 388 мың теңгеден асты. Бас қаладан соң Алматы тұр. Мұнда жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрі 360 мың теңгеден жоғары. Ал Атырау, Шымкентте жаңа баспананың шаршы метрі 326-333 мың теңгенің айналасында. Биыл жаңа салынған үйлер ғана емес, екінші нарықтағы баспана да қатты қымбаттаған.
Мұндай санаттағы ең қымбат пәтерлер тағы да Нұр-Сұлтан қаласында. Шаршы метрі 375 мың теңгеден тұр. Ал Алматыда екінші нарықтағы пәтерлердің бір шаршы метрінің бағасы – 370 мың теңге. Үйлер Атырау мен Ақтауда да қымбаттаған. Жалпы статистика комитетінің дерегінше, 2013 жылға дейін үйі қымбат шаһарлардың тізімінде Алматы көш басында тұратын.
Кейінгі жылдары бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы шықты. Ал ел бойынша ең арзан пәтерлер Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан қалаларында. Бұл қалаларда екінші нарықтағы баспаналардың 1 шаршы метрінің бағасы 150-181 мың теңгенің аралығында.
Дерерккөз: 24.kz
Тағы көру