Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде ӘМАТ бағасын негізсіз қымбаттату фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚМА мәліметінше, бір ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болған.
Мектепке дейінгі мекемелермен (бала-бақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан ӘМАТ-тың түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы: күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін), қарақұмық жармасы-150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін), қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін), тауық жұмыртқасы - 79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін), тұз - 66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін), күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін), сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін) болған. Осы іс-әрекеті үшін ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеткізушімен жасалған шарттар бұзылды. Бүгінде мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралып жатыр. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгені құрайды.