Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Степной және Бауыртау орманшылығының аумағында өрттің таралуы тоқтады. Бірақ толық сөндірілген жоқ. Жанып жатқан учаскелердің барлығы оқшауланып, түтіндеп жатқан аумақтарға су шашу жұмыстары жүргізілуде. Жалын шарпыған жер көлемі 850 гектарға жетті. Оқиға орнында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің, сонымен қатар көрші облыстардан келген техника құралдары тартылды. Өртті сөндіру үшін 400-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Әзірге тілсіз жаудың себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталған жоқ.
«Қазіргі уақытта ашық жанып жатқан ошақ жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Тәулік бойы сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 100-ден астам қызметкер жұмыс істеп жатыр және де 30-дан астам бірлік техника жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Берік Омаров.