Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2009 жылы ер адам Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы хабар берген, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру барысында Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағытқа алынған. Бір жылдан кейін көлден әйел адамның мәйіті табылған.
Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол денесін суға ағызып жіберген.
«Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.