Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Dauletten.kz Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.
Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.
Екі адам зардап шекті. Оның біреуі - компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.
- Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.
Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.
Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Фото: Pavlodarnews